Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА 60 АНАЛИТИКАЛЫҚ КАМЕРА: ҚАЛАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

 

Қала әкімдігінің бастамасымен қоғамдық қауіпсіздік пен санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында 60-қа жуық интеллектуалды бейнебақылау камерасы орнатылады.

Камералар ең алдымен: қоқыс және балалар ойын алаңдарына қойылады.

Қоқыс алаңдарында камералар 25 кг-дық қап көлемін бағдарлап, артық немесе рұқсат етілмеген қалдықтарды анықтаса, Жедел әрекет ету орталығына белгі береді.

Балалар алаңдарында бөтелке мен ішіндегі сұйықтықты тану алгоритмі іске қосылады. Белгі тіркелсе, учаскелік полиция шақырылады.

Бұл жоба қаланың қауіпсіздігін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және цифрлық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button