Жаңалықтар

Катонқарағайда ғимараттар үшін бірыңғай дизайн-код енгізіледі

Катонқарағай ауданында ғимараттар үшін бірыңғай дизайн-код енгізіліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Жалпы ауданға Тұрақты даму қоры үлкен қолдау көрсетіп келеді. Қордың қатысуымен өңірде бірыңғай сәулеттік талаптарды қамтитын өзіндік дизайн-код әзірленді.

Енді аудандағы барлық жаңа ғимараттар мен нысандар, сондай-ақ жүргізілетін жөндеу жұмыстары осы бекітілген дизайн-кодқа сай жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде аудан әкімдігі, прокуратура мен сот ғимараттары осы бірыңғай стильде безендірілген.

Жаңашылдықтар жеке секторды да қамтиды: сауда және қоғамдық орындардың, оның ішінде қоғамдық тамақтану нысандарының қасбеттері бірыңғай түсте және дизайнда рәсімделеді. Бұл шешім ауданның көркем әрі үйлесімді келбетін қалыптастыруға және бірегей бейнесін жасауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button