Жаңалықтар

ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қатонқарағай ауданындағы шекара бөлімшелеріне барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтаганов және ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Катонқарағай ауданындағы Р. Батырханов атындағы және «Өрел» шекара бөлімшелерінде болды.

Облыс әкімі және Мәжіліс депутаттары: «Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы шекара қызметінің жұмысымен танысып шықтық.Шекарашылар жақсы дайындалған және олар мемлекет шекарасынан ешкімнің заңсыз өтуіне жол бермейді.Шекара заставаларының инфрақұрылымын жақсарту қажет. Депутаттармен келесі үш жылдық бюджет кезінде қаражат бөліп беру жайлы келісімге келдік. Сонымен қатар, аймақ бюджетінен де қаражат бөліп, шекара заставаларының жайлап әлемдік стандартқа жетуіне атсалысамыз. Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдармен келісе отырып, пилотсыз ұшу аппараттары және басқа да жабдықтарды сатып алуға бастама көтеретін боламыз», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов.

Айқындалған проблемалар қатарында 1930 жылдары салынған және әбден тозығы жеткен ғимараттар, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілмеуі және көлік қатынасының шектелуі де бар.

14 маусымда «Уба» шекаралық бақылау бөліміне бару жоспарлануда, мұнда да негізгі мәселе көлік қатынасының шектелуімен байланысты болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button