Катонқарағай: Алтай жүрегіндегі заманауи жаңғыру

Жаңа құрылған Катонқарағай ауданының орталығы күн санап көркейіп, дамып келеді. Табиғаты көз сүріндірер Алтай өңірінің жүрегінде орналасқан бұл мекен бүгінде жаңаша тыныс алып, заманауи келбетке ие болуда. Инфрақұрылым дамып, тұрғындардың өмір сүру сапасы артып келеді.
Жуырда ғана орталық алаңға орнатылған LED-экран – осы игі істердің бір жарқын көрінісі. Енді тұрғындар мен қонақтар Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі саналатын киелі өлкеде өтетін мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен танысып қана қоймай, ашық аспан астында ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын көріністерді, этнофестивальдер мен концерттерді тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, халықтың қызығушылығын оятатын ұлттық спорт түрлерінің барысы да осы алып экран арқылы көпшілікке тікелей көрсетіліп, мерекелік көңіл-күйді еселей түсуде.
Бұл жаңашылдықтар Катонқарағайдың дамуға бет алғанын, рухани әрі мәдени тұрғыда жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады. Жергілікті жұртшылық үшін бұл — тек ақпарат көзі ғана емес, бірлік пен ынтымақтың, салт-дәстүрдің айнасы іспетті ортақ рухани алаңға айналатыны сөзсіз.
Сонымен қатар LED-экран арқылы тұрғындар мен қонақтар Катонқарағай ауданындағы орналастыру және тамақтану орындары туралы қажетті мәліметтерге де оңай қол жеткізе алады. Қонақ үйлер, демалыс базалары, дәмханалар мен мейрамханалар жөніндегі ақпараттар, олардың байланыс нөмірлері мен орналасқан мекенжайлары экранда тұрақты түрде көрсетіліп отырады. Арнайы ұйымдастырылған колл-орталықтың мәліметтері де осы жерден көрініп, туристер мен келушілерге қажетті қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы түрде табуға жол ашады.
Бұл жаңашыл бастама ауданның туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті кәсіпкерлер үшін де тиімді байланыс құралына айналып отыр.