Жаңалықтар

Ұлытау облысына Zhonghe Yuǎnjǐng (Чэнду) қытай компаниясы шамамен 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіровтің төрағалығымен Zhonghe Yuǎnjǐng (Чэнду) қытай компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания Ұлытау облысына шамамен 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр.

 

Инвестициялық жобалардың ішінде қызыл кірпіш зауыты, глина мен құмды-қиыршық тас қоспаларын өндіру және Жезказған қаласында тұрғын үй кешендерін салу (оның ішінде реновация жобалары) бар. Инвесторлар облыс аумағымен танысып, әсіресе Талап ауылындағы бос жер учаскелерін зерттеді.

 

Қазіргі таңда қызыл кірпіш зауыты үшін жер мәселесі, сондай-ақ жалпы пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу мәселелері талқылануда.

 

“Компания өңірде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл ұзақ мерзімді серіктестік жергілікті экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай үлес қосады деп сенемін” деді Ж. Нөпіров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button