Ұлытау облысында «Аялы әже» облыстық форумы өтті

Ұлытау өңірінде алғаш рет «Аялы әже» облыстық форумы өткізілді. Шараның мақсаты — ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуде ерекше рөл атқаратын әжелер институтының маңыздылығын арттыру.
Форумның ашылу салтанатында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев сөз сөйлеп, қоғамда әжелердің рухани тәрбие берудегі ерекше орнына тоқталды.
Жиын барысында өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген бірқатар ардақты әжелерге облыс әкімінің алғыс хаттары мен марапаттары табысталды.
Шара соңында Ұлытау облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов белсенді әжелерге марапаттар табыстады.
Форумда облыс әжелерінің үндеуі қатысушылардың бірауыздан қолдауымен қабылданып, облыстық әжелер кеңесінің құрамы бекітілді.
Қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне тиімді енгізудің жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.