Өскеменде «Мәңгілік сапта» атты біркүндік еске алу акциясы өтті

2025 жылғы 5 маусымда ҚР Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінде 2016 жылы Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде орын алған террористік акт кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға арналған “Мәңгілік сапта”атты біркүндік акция өткізілді.
Шараның мақсаты – әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін ұмытпай, олардың есімдерін мәңгілік есте сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру. Акция барысында бөлімнің жеке құрамы қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұндай іс-шаралар – бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін ұғындырумен қатар, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын терең сезінуге септігін тигізеді. Ел үшін жанын қиған ерлердің есімі халқының жадында мәңгі сақталады.
Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі