Жаңалықтар
Қазақстанда оқушылардың қорытынды аттестациялау мерзімі анықталды

✍🏻 2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілді.
📆 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.
📑 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі.
📍 Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді.