Жаңалықтар

МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады.

Бастама денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің — халыққа медициналық қызмет көрсетудің базалық деңгейінің қосымша кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

2025 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша білім берудің ауқымды бағдарламасын іске асыру басталды.

Бағдарлама шеңберінде үш жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары оқытудан өтеді. Даярлау өңірлендіру қағидаты бойынша еліміздің жоғары және орта медициналық мекемелерінің базасында ұйымдастырылған.

Жалпы практика дәрігерлері үшін 12, орта медициналық персонал үшін — 6 мамандандырылған білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытудан МСАК жүйесінің жұмыс істейтін қызметкерлері:

• 2135 жалпы практика дәрігері
•3051 орта медицина қызметкері
• 781 медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі
• 828 медициналық колледж оқытушысы өтеді.

Қазіргі уақытта бейінді қайта даярлауды Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласын қоса алғанда еліміздің 12 өңірінде орналасқан МСАК ұйымдарынан 136 дәрігер, 419 орта медициналық персонал өкілдері, сондай-ақ медициналық колледждердің 38 оқытушысы бастады.

Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде 2025 жылдың ішінде:

• 908 жалпы практика дәрігерін,
•1327 орта медициналық буын өкілін жалпы білім берумен қамту жоспарлануда.
Бұл бастаманы іске асыру медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының кәсіби деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға маңызды қадам болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button