Жаңалықтар

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАБЫҚ ЖҮЗУ БАССЕЙНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 

🏊‍♀️ Бүгін аудан әкімі Аманжол Мырзабеков аудан орталығында салынып жатқан бассейн ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс алаңында қоршаулар орнатылып, аумақ тазартылып, болашақ бассейннің құрылысы үшін шұңқыр қазылған, бүгінде алғашқы жұмыстар басталды.

🏗️Жоба типтік жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленді. Жобаға жергілікті жағдайларды ескере отырып, абаттандыру элементтері (қоршау, жарықтандыру), сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым – модульдік қазандық, электр және сумен жабдықтау, сыртқы желілер енгізілген. Жоспар бойынша құрылыс жұмыс­тары 2026 жылы аяқталуға тиіс.

📌Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізетін жабық жүзу бассейні аудан орталығының арайын аша түспек.
©️ Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button