Жаңалықтар

Шекара маңына қамқорлық: Зайсанда алты отбасы жаңа баспанаға ие болды

 

Зайсан ауданына қарасты Кеңсай ауылында алты отбасыға жаңа тұрғын үй кілттері табысталды.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңсай ауылдық округінде көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы алты отбасы баспаналы болды.

Қоныс тойына аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева арнайы қатысып, аудан әкімі атынан құттықтады.

– Бұл баспаналар – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі, – деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Айта кету керек, өткен жылы көпбалалы отбасыларға 232 пәтер, ал әлеуметтік осал топтарға 518 пәтер пайдалануға берілген.

Биыл жоспар бойынша 180 пәтер салу және сатып алу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button