Ақмола облысыҚоғам

Көкшетауда су тасқынының салдары жойылды – ТЖД

Көкшетау қаласында көктемгі су тасқынының салдары жойылды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан су сорылған тұрғын аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, ауа температурасының күрт көтерілуі мен еріген қар суының ағып келуіне байланысты Қылшақты өзеніндегі су деңгейінен асып, тасыған болатын. Салдарынан Көкшетау қаласындағы 5 тұрғын үй мен 15 ауланы су басып, 16 адам қауіпсіз жерге көшірілген еді.

«Осыған байланысты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдарының күшімен су басқан тұрғын үйлер мен аулалардан 10,6 мың текше су сорылып, 5 мың текше метр инертті материал және құм салынған 3 мың қап төселді. Су тасқыны салдарын жою үшін Ақмола облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен полицияның жеке құрамынан 105 адам, 32 арнайы техника, 7 су сорғыш және 19 мотопомпа жұмылдырылды», дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close