Қарағанды облысыМәдениет

Қарағандылықтарды «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестиваліне шақырады

29 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді. Басталуы 18:30.

Фестивальге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері – жырау Алмас Алматов, әншілер Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина және Шолпан Дәржанова, күйші Батыржан Мықтыбаев, Ақжан Қали, термеші Жәкен Омаров қатысады.
Сонымен қатар көрермендер алдында Қарағанды облысының танымал орындаушылары – әншілер Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Тапай, жыршы Дидар Камиев, қобызшы әлібек Бимендин, домбырашы Балхан Смағұлов және «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.
Дәстүрлі музыка фестивалін Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы NurOtan партиясының қолдауымен ұйымдастырды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close