Басты жаңалықЖаңалықтар

28-30 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды janalyq.kz

Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарына ауысатын солтүстік-батыс циклоны осы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууына әсер етеді. 29 маусымда солтүстік облыстарда, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді, ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады, – деді «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, скандинавиялық антициклон сілкінісінің ықпалын еліміздің батыс аймақтары ғана сезінеді. Жаңбыр тоқтайды деп болжанды.

27 маусымда Алматыда күндіз +36°С-қа дейін қатты ыстық болады. №8 қалалық емхананың меңгерушісі Әйгерім Жұмасіл аптап ыстықтан қалай қорғану керек екенін айтып берді.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына ыстық ауа райының әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиямен ауыратындар, сонымен қатар инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті екенін ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button