Алматы облысыҚоғам

Жақсылықтың жаршысы, ырыстың бастауы – әз-Наурыз!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар қойнауынан жаңғырып жеткен Наурыз уақыт пен ұрпақ сабақтастығының үздіксіз байланысын, дәстүр мен құндылықтардың тұтастығын паш етеді. Бұл – Күн мен түн теңеліп, дүние тіршіліктің оянар, жаңғырар шағы.

Барлық игі бастамалардың түп негізі Наурыз философиясымен астасып жатыр. Өйткені Наурыз – адамзатты бір-біріне жәрдемдесуге шақыратын, жақсылық жасауға үндейтін, еңбекке баулитын, татулықты ту еткен ізгілік насихатшысы.

Құрметті жерлестер!

Ұлы Даланың тамыры терең тарихынан бастау алған осы мерейлі мерекеде әр шаңыраққа шаттық, мықты денсаулық, молшылық пен береке тілеймін.

Үміттеріңіз ақталып, сенімдеріңіз бекемденіп, армандарыңыз орындалып, бақытқа кенеле беріңіздер.

Ортақ Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркедей берсін!

Ұлыс оң, ақ мол, мереке құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close