Батыс Қазақстан облысыҚоғам

Орал базарында ер адам өзіне-өзі пышақ салып алды

Оралдағы «Мирлан» орталық базарында ер адам өзіне-өзі пышақ салып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түске таман болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем сағат 12.23-те шақырылды.

Жедел жәрдем бригадасы 12.29-да жеткен.

«1970 жылғы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Жарақатын қарап, таңғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», деді ҚазАқпарат тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, аталмыш дерек бойынша тәртіп сақшыларының жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close