Астана қаласыСпорт

Мүгедектегі бар елордалық шахматшылар ел чемпионатында бірнеше жүлдені қанжығасына байлады

Астана қаласында көру қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Осы жылы Республикамыздың 15 аймағынан 60-тан астам спортшылар жиналды. Өткен жылы қатысушылардың саны отыздан астам болатын, шахматшылардың саны екі есе артты. Сондай-ақ, Чемпионат шеңберінде көздері мүлдем көрмейтін шахматшылар жеке жарысты. Бұған дейін олар көру мүшелері зақымданған спортшылармен бір деңгейде өнер көрсететін», – делінген мәдениет және спорт басқармасының хабарламасында .

Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» елордалық спортшылары екі алтын және бір қола медальға ие болды. Алғаш алтын медаль Есингабылова Баянның есебінде, алдыңғы чемпионатта спортшымыз бесінші орында болатын. Осы жылы ол нәтижесін жақсартты. Қожабеков Әділхан елордамызға екінші алтынды алып келді. Қола медаль Мұқанов Әділханның еншісінде. Үш спортшымыздың да тірек-қимыл аппараты зақымданған.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close