Қарағанды облысыҚоғамМәдениет

Қарағандылықтарды домбырашы Айгүл Қосанованың шығармашылық кешіне шақырады

Айгүл Қосанованың шығармашылық кеші 14 наурыз, сағат 18.30-да Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. «Құс қанаты» атты концерт Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналады.

Көрермендер үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А. Нығызбаев, «Құрмет» орденінің иегері С.Мусайин, халықаралық байқаулардың лауреаттары Е. Шалдыбаев, Ж.Жақешова, А. Онайбайұлы және Н. Мейірхан өнер көрсетеді. Сондай-ақ концертке Астанадағы «Шалқыма» халық би ансамблі және Тәттімбет атындағы академиялық оркестр қатысады. Дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай.
Айгүл Қосанова – әнші, домбырашы, музыка пәнінің мұғалімі, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Билет құны – 1000, 1500, 2000 теңге. Анықтама телефоны: 41-01-95.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close