Жамбыл облысыҚоғам

Облыста сүт кластері дамып келеді

Жамбыл жерінде сүт кластерін дамыту үшін бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде. Ол жол бойындағы тауарлы сүт фермаларының ашылуымен байланысты. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру да маңызды қадам. Мәселен, Қордай ауданындағы Қақпатас ауылында орналасқан сүт өндіру кешеніне биыл Германиядан 200 бас Швиц атты ірі қараның жаңа тұқымы алынды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Мемлекет агросаланы дамытуда өнімді өңдеу жұмыстарына басымдық беріп отыр.  Осы орайда, Жамбыл облысының агросаладағы даму қарқыны «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізіліп келеді. Бұл ретте сүт кластерін дамытуда шаруалар бірқатар нәтижелі жұмыстарға қол жеткізе бастады.

Дүйсехан ҚОШАЛИЕВ, «ҚАҚПАТАС-ҚОРДАЙ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

– Швиц деген ірі қараның тұқымын Германиядан алып келдік. Буаз сиырларды 3-6 айлық қылып алдық. Себебі, біздің өндіретін сүтіміз “Алатау” тұқымы. Ал біз әкелген Швиц  ірі қара тұқымы “Алатау” тұқымынан шыққан.

Бұл тәулігіне 25 литрге дейін сүт беретін асыл тұқымды сиырлар. Шаруашылықтың негізгі мақсаты да сол сүт бағытын жандардыру. Өткен жылы осы серіктестік негізінде кооператив те құрылған болатын. Жалпы, заманауи бағытта цифрландырған сүт фермасын құру үшін шаруашылық өткен жылы Италиядан «Делаве» атты қондырғы әкелді.  Ол шаруалар үшін де, сүт фермасында жұмыс істейтін сауыншыларға да тиімді болып отыр.

Жамбыл облысында өткен жылы сүт өндірісі – 2,8 %-ға артты. Бұл нәтижелі жұмыстың арқасы. Алайда, облыс басшысының тапсырмасына сай енді облыстағы әр ауылда ауылшаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары қолға алынбақшы. Бұл сүт кластерінің дамуына септігін тигізетін болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close