Алматы облысыҚоғам

Алматы облысында ауыл тұрғындары ауыз судың тартылуына қарсы

Алматы облысында Ақсу ауданындағы Шолақөзек ауылының халқы ауылдарына ауыз судың тартылуына түбегейлі қарсы. Себебі тұрғындар әр үйде ауыз су сарқырап ағып жатқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал әкімдіктегілер  28 үйі бар ауылға ауыз су тарту үшін 30 миллион теңге ақша бөліп, жұмыстарын бастап кетіпті.

«Біз ауданнан, аудан әкімінен ешкімнен су сұраған емеспіз. Біздің қазіргі ішіп жатқан суымыз тап-таза. Өмірі сол суды ішіп келеміз. Ауылда бар жоғы 25 түтін бар, әрқайысының есігінің алдынан ағып тұрған суды жауып, анау айдаладан қазып, бізге су шығарып береміз дейді. 25 үй. Қанша су ішеді. Башня қояды. Башнядағы су сасиды. Борсиды. Ел ауру болады. Ертең оған кім жауап береді», – деді Шолақөзек ауылының тұрғыны Мұхит Баймұханбетов.

Қазір 300 метр тереңдіктен шығып жатқан суға халық ақша төлеп жатқан жоқпыз дейді. Ал жаңадан ауыз су тартылғанда әр үйге есептегіш құрал орнатылып, судың ақылы болатынын ауыл әкімі растады. Қазір жүріп жатқан ауыз судың жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

 

«Шолақөзек ауылына ауыз су тарту үшін 30 миллион теңге қарастырылған. Бұл ауылда ауыз су 70 жылдары салынған, бүгінгі күні тозығы жетіп, күрделі жөндеуге жарамайды», – деді Ақсу ауылдық округінің әкімі Нұрқуат Кәкімбаев.

Ақсу ауылдық округіне қарасты Шолақөзек  халқының  30 миллион теңге далаға ұшқанмен тең болады деп жатқандары бекер емес екен. Себебі іргесіндегі Көкжайдақ ауылына 2005 жылы ауыз суға ақша бөлініп, рахатын  халық көрмедік дейді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close