БілімЖамбыл облысы

Жамбыл облысында барлық тестілеу орталықтары өз жұмысын бастады

2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бірқатар  өзгерістер болады. Осы орайда, Жамбыл облысындағы барлық он ауданда да бүгінде тестілеу орталықтары өз жұмысын бастады. Мәселен, ұлттық тестілеу орталығы 45-ші Меркі аудандық филиалында биыл осымен 16-ші рет тест өткізіледі, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

ҰБТ-дің биылғы басты ерекшелігі жылына төрт рет өткізілетіндігінде. Бұл оқушылар үшін өте тиімді. Өйткені, мектеп бітіруші түлектер 11 жыл оқыған білімін тексеру үшін бұрынғыдай бір мәрте емес, енді қантар, наурыз, маусым және тамыз айларында тест тапсыра алады. Алайда, бұл ақылы бөлімге түсетін оқушылар үшін. Ал, грантқа түсуге ниет білдірген түлектер бұрынғыдай маусым айындағы тестке қатысады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда барлық аудандардағы тестілеу орталығы материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз етіліп отыр. Бөлмелердің барлығы желдеткіш құралдарымен, телефон сөндіргіш аппараттарымен жабдықталған. Сонымен қатар, кез келген ата ана интернет арқылы онлайн режимде өзінің тест тапсырып отырған баласын көруге болатын мониторлар да қойылды.

Осылайша, ҰБТ ттапсыруға келгенде биыл Қазақстандық оқушылардың үміті артты десе болады. Өйткені, алғашқы сынақтан сүрінген түлектің енді сағы сынбай, келесі кезеңде шекті балл жинауға мүмкіндігі тумақшы. Бұл мемлекеттің жастар жылында жастарға беріп  отырған үлкен мүмкіндігі  болса керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close