ДенсаулықШымкент қаласы

Шымкенттік кардиохирургтар алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады

Шымкенттік кардиохирургтар алғаш рет эндовидеоторакоскопиялық құрылғының көмегімен жүрекке ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

38 жастағы науқас тумасынан жүрек ақауына шалдыққан. Мегаполис дәрігерлері жүректегі тесікті бітеу бойынша күрделі отаны үш сағат жасады.

Мамандардың сөзінше, отаның ерекшелігі пациент тез аяққа тұрып кете алады.

«Ота жасалған науқастар 3-4 күн ішінде үйіне шығарылады және денсаулығының қайта қалпына келу мерзімі өте қысқа болады. Тағы бір айта кететін жайт, косметикалық тұрғыдан операциядан кейінгі тыртық білінбейді», – дейді Шымкент қалалық Кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев.

Айта кетейік, шым шаһардың дәрігерлері мұндай операцияны алғаш рет жасап отыр. Әрі жақсы нәтижеге қол жеткізді. Күрделі операцияны жасау үшін шет елден немесе өзге қаладан білікті мамандар шақыртпай-ақ, өз біліктіліктері арқасында сәтті жүзеге асырды. Отаның басым бөлігі -эндовидеоторакоскопиялық құрылығының көмегімен іске асты. Бұл аппарат өткен жылы жергілікті бюджет есебінен алынған болатын.

Жалпы, қазіргі таңда әлемдік кардиохирургиялық тенденция осы әдіске көшуде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close