Астана қаласыБасты жаңалықтарДенсаулық

Ильинкадағы емханада ашық есік күні өтеді

Азаматтар хирург, педиатр, онколог, маммолог, гинеколог, терапевт сияқты дәрігерлердің кеңесін ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

№12 қалалық емхана  Ильинкада, Үркер тұрғын алабында тұратын қалалықтарды 13 наурызда сағат 11:00-де Ильинка, Белқарағай көшесі, 1 үй (3-ші қабаттағы акт залы, 2-ші қабаттағы холл) мекенжайы бойынша өтетін ашық есік күніне шақырады. Анықтама  телефоны: 8(7172) 505209).

Пациенттерді емхананың бас дәрігері Ғайса Кусаинов қабылдайды. Ол  емхананың 2018 жылы атқарған қызметі мен емхананың даму болашағы туралы баяндап бермек.

Мамандар, азаматтардың қалауы бойынша қандағы холестерин, глюкоза деңгейін өлшеп, бой/салмақ, дене салмағының индексін анықтайды. Қажет болған жағдайда, тұрғындар хирург, педиатр, онколог, маммолог, гинеколог, терапевт сияқты дәрігерлердің кеңесін ала алады. Сондай-ақ УДЗ зерттеуінен және ЭКГ-дан өту мүмкіндігі де қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close