Астана қаласыСпорт

Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді

Дүбірлі додада бірнеше елдердің құрама командалары бақ сынаасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, жарысқа Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Мысыр,  Ресей,  Польша,  Ұлыбритания, Үндістан,  Украина, Грузия,  Венгрия, Армения және Қазақстан шахматшыларының әйелдер және ерлер құрамалары қатыспақ.

Мұндай ауқымды шара Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр.

Қатысушылар арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасының қорытындысы бойынша ең жоғары рейтингтегі 6 команда, қабылдаушы федерацияның екі командасы және де FIDE президенті тағайындаған екі команда бар.

Әлем чемпионы атағы ерлер және әйелдер командаларына бөлек беріледі.

Қазақстан құрамасының намысын еліміздің ең мықты шахматшылары: Жансая Әбдүмәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гульмира Даулетова, Ринат Джумабаев, Муртас Кажгалеев,  Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко қорғайды.

«Турнир иелері болу және мықтылардың мықтыларымен күресу –  жағымды жаңалық. Үйде қабырғалар да қолдайды дейді ғой. Біздің құрама күреске толығымен дайын», – деді Қазақстан ерлер құрамасының лидері Ринат Джумабаев.

Президенттік кеңестің мүшелері ретінде Астанаға аты аңызға айналған ағылшын шахматшысы сэр Нейджел Шорт, рапидте Карповты,  Каспаровты,  Ананданы және Карлсенді жеңген жалғыз әйел, супергроссмейстер Юдит Полгар сияқты әлем шахматының жұлдыздары келеді. Сондай-ақ, гроссмейстерлер –  Фабиано Каруанның және Сергей Карякинның келуі күтілуде.

Командалық әлем чемпионаты әдеттегідей әр екі жыл сайын 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Ерлер арасындағы қазіргі жеңімпаз –  Қытай құрамасы,  әйелдер арасында –  Ресей командасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close