Астана қаласыБасты жаңалықтарҚоғам

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артады

1 сәуірден бастап мұндай көмекпен шамамен 2,5 мың астаналық отбасы қамтылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында белгілі болғандай, Астанада атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар саны едәуір артады.

«Елордада 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артып, 2500 отбасын құрайды. Орта есеппен отбасы құрамы төрт-бес адам», – деп хабарлады ведомстводан.

АӘК алушылардың негізгі бөлігін толық емес және көпбалалы отбасылар құрайды.

АӘК әлеуетті алушылар жұмыспен қамту орталығына Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайы бойынша, сондай-ақ, мына байланыс телефондары арқылы хабарласа алады: Алматы ауданы, тел: 72 93 57, Сарыарқа ауданы, тел: 72 93 31, Байқоңыр ауданы, тел: 72 93 38, Есіл ауданы, тел: 72 83 38.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close