Алматы қаласыБілімҚоғам

Алматы еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілін үйретпек

Алматыда Жастар жылы аясында «Алматы еріктілер лигасы» қоғамдық қоры Ashyq Júrek жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілін үйретпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба үйлестірушілері мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытында қандай шаралар жүзеге асыратынын айтты.

«8 бағыттың бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету. Атап айтқанда, оның ішінде Даун синдромы бар балалар көмекке аса мұқтаж. Жақында біз командамызбен қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, қажетті қаржы жинап берген болатынбыз. Енді мүгедек жандардың тізімін жасап, тек қана материалдық жағынан емес, үй шаруасына, күнделікті қажеттілігіне көмектесетін боламыз», – деді лига координаторы Әміржан Қосанов.

Оның айтуынша, еріктілер командасының аутизм, Даун синдромы сынды диагнозы бар адамдармен жұмыста тәжірибесі мол.

«Оларды әлеуметтік бейімдеу мәселесі де аса маңызды. Олар өздерін басқалармен тең санауы керек. Осы мақсатта бірқатар шара ұйымдастырылатын болады», – деді Ә.Қосанов.

Айта кету керек, тағы бір бағыты көпбалалы, толық емес отбасыларға көмек көрсету болып табылады.

«Балалар үйінде күнделікті мерекелік шаралар өткізетін боламыз. Қазақ, ағылшын тілдерінен семинарлар өткізу, би үйрету сабағын өткізу жоспарланған. Тұрмысы төмен отбасыларға қажетті азық-түлік таратамыз», – деді Otbasym бағытының үйлестірушісі Камилла Шавкатова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close