ҚоғамШымкент қаласы

Шымкент әкімі кәсіпкерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша кәсiпкерлермен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында шаhар басшысы шағын және орта бизнес өкілдерін жеңіл және жиһаз өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамытуда бiрлесе жұмыс icтеуге үндедi.

«Елбасы өз Жолдауында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту міндетін қойған болатын. Ол негізінен шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі. Бүгінде Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 25 пайызды құрайды. Дегенмен бұл әлі де аз. Сондықтан кәсіпкерлерді осы үлесті арттыруға, дамытуға шақырамын. Оған қаламыздың адами және материалдық-ресурстары жеткілікті. Күнделікті тұтынылатын заттарды өндіру нәтижесінде біз азаматтарды жұмыспен қамтимыз және импортты азайтамыз»,- деді қала әкімі.

Сондай-ақ, кездесуде аталған бағыт бойынша қабылданған жол карталары мен атқарылатын іс-шаралар бойынша қала әкімiнiң орынбасары Данат Жумин, әлеуетті жобаларды қаржыландыру және оларды субсидиялау механизмдерін түсіндіру бойынша «Даму қоры» АҚ Шымкент қаласы филиалының директоры Жамбыл Қалдаров баяндама жасады.

Айта кетейік, қалада жеңіл және жиһаз өнеркәсібінің, құрылыс материалдары өндірісінің Жол картасы әзірленген. Оның аясында 76 гектар жер теліміне «Жұлдыз» инстуриалды аймағының құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағын 200 гектардан 500 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Нәтижесінде 30 өндірістік кәсіпорын, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бар. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қалада өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынының есебінен әртараптандыруды одан әрі дамытып, мыңдаған өнімділігі жоғары тұрақты жұмыс орнын құру көзделуде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close