ДенсаулықШығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да медициналық көмек көрсету сапасының «Алтын стандарты» әзірленуде

2021 жылға дейін үш емдеу мекемесінде JCI медициналық көмек көрсету сапасының халықаралық «алтын стандартына» көшу жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстың қоғамдық жиынында елімізде небары 7 медициналық мекеме халықаралық стандарт бойынша аккредиттелгенін айтып өтті.

«Семей қаласындағы жедел медициналық көмек ауруханасы бір жыл ішінде аталған стандартқа көшуі тиіс. 2021 жылға дейін тағы екі ұйым – Облыстық мамандандырылған медициналық орталық және Өскемен қаласындағы ана мен бала орталығы халықаралық стандартқа сай қызмет көрсетуге көшуі керек. Бұл үшін біздегі мүмкіндік жеткілікті. Біз елімізде ең көп дәрігерлерді Еуропада оқытып жатырмыз, жаңа құрылғылар алынатын болады», – деді аймақ басшысы.

Бұл медициналық туризмді дамыту жолындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Шығыс қазақстандық медицинаның негізгі артықшылығы роботтандырылған хирургиясы, кардиохирургия, травматология, онкология, оңалту саласында болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close