Батыс Қазақстан облысыҚоғам

Оралда «Алатау» автобазары өртенді

Оралда «Алатау» автобазары өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Тюленин көшесі 72-мекенжайында қосалқы бөлшектер сататын «Алатауда» ангар үлгісіндегі бес контейнердің отқа оранғаны жөнінде таңғы сағат 06.18-де хабар түскен.

Өрт аумағы 280 шаршы метрді қамтыды (автобазардың жалпы аумағы – 1200 шаршы метр),
«Тілсіз жау» 07.17-де оқшауланып, 08.24-те ауыздықталды.

Қазіргі кезде шығу себебі анықталып жатқан өртті сөндіруге 34 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close