ҚоғамМаңғыстау облысы

Маңғыстауда Амал мерекесі xалықаралық деңгейде тойланады

Биыл Амал мерекесі халықаралық деңгейде тойланады. Наурыздың 13-14-күндері Отпантаудың етегінде өтетін дәстүрлі жиынға Ресей, Өзбекстан, Түркия, ноғай мен қырғыз елінен ағайындар келмек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге алуы. Ақтаудан «Отпантау» кешеніне дейін атқа мінген көш 140 шақырым жолды жүріп өтеді. Ал Отпантаудың басында жылдағыдай дәстүрлі өнер өкілдерінің концерттік бағдарламасы, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, республикалық қолөнершілер көрмесі өтеді.

«Амалдың биылғы ерекшелгі – Елбасы жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға арналады. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы биылғы жылды жастар жылы деп жариялады. «Отпантау» кешенінде бірлік оты жағылып, сол бірлік отын биыл жастарға этафета ретінде тапсырамыз», – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close