Атырау облысыҚоғам

Атырауға пандустары бар «Ankai» маркалы 30 автобус әкелінді

Биылғы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тағы 100 бірлік қоғамдық көлік әкелу жоспарлануда, деп xабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Аnkai» компаниясы өндірген 30 жаңа автобус Атырауға жақын күндері жеткізілді, олар «ТШО» ЖШС демеушілік қолдауымен алынды. Жаңа автобустың сыйымдылығы 24 отыратын және 75 тұрып тұруға арналған орынды құрайды, одан бөлек олар кондиционер және бейне камералармен жабдықталған. Бір автобустың жалпы ұзындығы- 10,5 м.

Жоспарланған қоғамдық көлік «Ақжайық – Автотұрақ» жаңа автобус паркін толықтырады.

«Қоғамдық көлік саласында бәсекелестік ортаны құру үшін қазіргі уақытта екінші тұрақ құрылуда. Ол бірінші талаптармен бірдей ашық болады: 45%-ы «Атырау» ӘКК-на, 55%-ы -жеке инвесторға»,- дейді «Смарт-Атырау» ЖШС директоры Әділбек Танкиев.

Өткен жылы құрылған «Атырау-Автотұрақ» 26 қалалық бағыттың 8-ін қамтиды. Жаңа автотұрақ та осындай бағытты қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, жоба бастамашылары басқа тұрақты құру ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартатынына сенімді.

Айта кетейік, 30 автобус мүгедектер үшін пандустармен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 100 жаңа «Ankai» автобустарын сатып алу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close