Астана қаласыБасты жаңалықтарҚоғам

Астананың ойын-сауық орталықтарында 8 наурызға орай мерекелік шаралар өтеді

Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін сауда ойын-сауық орталықтарында қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгіннен бастап «Keruen» ОСО-да «Менің қымбатты анам» атты «Океан Арт» шығармашылық мектебі студенттерінің халықаралық әйелдер күніне арналған суреттер көрмесін тамашалауға болады.

8 наурызда «Хан Шатыр» ОСО-да барлық қонақтар өзіне экспресс-макияж жасау бойынша тегін мастер-классқа, 2019 жылға сай сәндік гардероб бойынша мастер-классқа қатысып, астрологтың экспресс-кеңесін ала алады. Сондай-ақ, 8 наурызда «Ailand» отбасылық демалыс орталығында, аквапаркта көбікті кеш өтеді. Ал «Аружан» ОСО-да 10 наурызға дейін үнді тауарларының мерекелік жәрмеңкесі жұмыс істейді.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close