Ақтөбе облысыДенсаулық

Ақтөбеде тегін дәрі-дәрмек бере алмаған медицина нысандары ақшаны кері қайтарады

Медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе облыстық филиалы тегін дәрі-дәрмекті уақытында жеткізбеген емхана, ауруханалардан ақшаны кері қайтарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде міндетті тегін ем жүргізіп отырған медициналық мекемелер өздеріне міндеттелген жұмысты дұрыс атқара алмады. Медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы 2018 жылдың қорытындысын жасап, 262 миллион теңгені кері қайтарды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе облыстық филиалы өткен жылы 63 мекемемен келісімшарт жасады. Медициналдық қызметтің сапалы жүргізілуін бақылаған кезде бірнеше заңсыздық анықталды. Жоспардан тыс мониторинг жүргізуге науқастардың арыз-шағымы да түрткі бола алады. Мәселен, 2018 жылы 18 мыңнан астам қателік табылды. Барлығы 262 миллион теңгеден астам қаржы кері қайтарылады. Себебі, созылмалы аурумен есепте тұрған адамдарға дер кезінде тегін дәрі-дәрмек жеткізілмеді, тегін медициналық жабдықтар да қолжетімді болмады. Бөлінген қаржы кері қайтарылып, қайта бөлінеді», – деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе облыстық филиалы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close