Ақтөбе облысыҚоғамТехнология

Ақтөбеде өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылады

Ақтөбеде өсімдік майын шығаратын зауытты іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бірегей зауыт құрылысы жүріп, кәсіпорынды іске қосу жұмысы басталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысының шаруалары майлы дақылдарды өткізу мәселесін шешті. Хромтау ауданының Жазық ауылында Ақтөбе майды экстракциялау зауыты пайдалануға беріледі. Мұнда күнбағыс, мақсары, зығыр қабылданады.

«Майлы дақылдарды өңдеп, өсімдік майын шығаратын зауыт қазақстандық үлесті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылып, салық түсімі де артады. Зауытты іске қосуға 1,5 миллиард теңге жұмсалды. 704 миллион теңге кәсіпкердің өз қаржысы болса, қалған 796 миллион теңге «АгроНесиеКорпорация» АҚ арқылы берілді. Барлығы 80 адам жұмыс істейді. Мұнда тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы, күнжара шығарылады. Жылына 36 мың тонна өнім алу жоспарда бар», – деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында іске қосылатын зауыт өнімі экспортталады. Дайын өнім алдағы уақытта Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне жіберілсе, өсімдік майының 15 пайызы ішкі нарыққа, еліміздің батыс өңіріне тасымалданатын болды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close