Алматы облысыСпорт

Облыс әкімі А. Баталов «Жетісу» футбол клубының алдына жаңа міндеттер қойды

Ақтөбелік кәсіпкер «Наурыз Challenge» акциясы аясында І топ мүгедегі Сымбат Нағметованың үйін жөндейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі мүгедектер үшін арнайы салынған үйдің тұрғыны Сымбат Нағметов ерекше қуанышқа кенелді. «Наурыз Challenge» акциясы аясында «Қамқоршылық-Забота» қайырымдылық қорының директоры, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Дмитрий Довматенко 1 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді.

«Бұл үйді 2011 жылы алдым. Қазір отбасым бар, бір баламызды бағып жүрміз. Шынын айтқанда өзім арбаға таңылған соң баламның күтімін көбіне күйеуім жасайды. Балам да ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан үйге көңіл бөліп, оны жөндеу біз үшін қиынға соқты. Жаңа жыл келіп, Наурыз мерекесі қарсаңында пәтерімізге әр беріп, қамқорлық танытқан жандар кездесті. Біз үшін бұл көмек әрі жақсы сый», – деді Сымбат Нағметова. Өзі Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығында жұмыс істейді. Табысы пәтер жөндеуге жетпеген соң көмек сұрап, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының басшылығынан көмек сұрады. Ал орталық кәсіпкерге ұсыныс тастады. Қазіргі күні 1 бөлмелі пәтер қалпына келтіріліп жатыр. Пәтердің есігі, едені ауыстырылып, тұсқағаз жапсырылады. Сонымен қатар ас бөлме, жуынатын бөлме түгел жаңартылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close