Батыс Қазақстан облысыСпорт

Футбол: «Ақжайыққа» бразилиялық ойыншы қосылды

Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайық» бразилиялық Мелло Корбеллинимен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бразилияның Порто Алегре қаласында 1992 жылы дүниеге келген М.Корбеллини – қазіргі кезде Италия елінің азаматы.

Атақты «Ботафого» футбол клубының мектебінен өткен ойыншы өзінің туған командасының негізгі құрамына іліге алмады. 2012 жылы мұхит асып, Португалияға келген ол жергілікті «Ос Лимианос» клубының сапында 9 ойын өткізіп, екі гол соқты. Кейін Польша чемпионатында өнер көрсететін «Рух» клубына ауысты. Мұнда 27 матчта 4 голдың авторы атанды. «Ақжайыққа» келгенге дейін Польшаның жоғары дивизионында ойнайтын «Заглембе» футбол клубының намысын қорғады.

Бүгін Сергей Зайцевтің шәкірттері оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуін «Днепр» (Украина) командасымен өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close