Атырау облысыҚоғам

Атырауда Ұлыбритания азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда Ұлыбритания азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлыбритания азаматы Д. жұмыс күшін тарту рұқсаты негізінде және визамен Атырау қаласына «Tenaz Management» ЖШС-де еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген. Алайда, тексеріс нәтижесінде азамат Д.-ның визада көрсетілген келу мақсатынан бөлек ҚР азаматы Ф.-мен бірлесіп, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, «Ganbey Atyrau» ЖШС-ін құрғаны анықталды»,- деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Сот қаулысымен Ұлыбритания азаматы Д. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 44 188 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close