Қызылорда облысыСпорт

Олжас Алтаев «Қайсардың» қатарына қайта қосылды

Қызылорданың «Қайсар» командасы қатарына тағы бір футболшы қосылды. Команда басшылығы қорғаушы Олжас Алтаевпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олжас Алтаев – Қызылорда футболының түлегі. Ол кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 2008 жылы «Ақтөбе-жаста» бастаса, 2011 жылы елорданың «Астана-1964», 2012 жылы Талғардың «Ақбұлақ» командасының намысын қорғады. 2013-2016 жылдарда Қызылорданың «Қайсар» және «Байқоңыр» клубтарында жасыл алаңға шықты. 2017-2018 жылдарда Петропавлдың «Қызылжар» клубында 23 кездесуде жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 3 гол салды.

Естеріңізге сала кетелік, «Қайсар» қаңтарда жартылай қорғаушы Марат Хайруллин, қорғаушы Иван Садовничиймен келісімшарт жасады. Сондай-ақ, былтырғы жылы ойын көрсеткен 15 футболшымен келісімшарт мерзімі ұзартылды. Одан кейін Аруба құрамасының жартылай қорғаушысы Джон Джошуа биыл «Қайсар» құрамын толықтырды. Ал 22 қаңтарда «Қайсар» конголық Куле Мбомбомен келісімшартқа жасалды. Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегянмен келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Бекзат Құрманбекұлы және шабуылшы Шоқан Абзалов команда қатарына қосылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close