ҚоғамТүркістан облысы

Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы Түркістан облысында салынады

Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы Түркістан облысында ашылады. Сыйымдылығы 100 мың қойға лайықталған нысан Бәйдібек ауданында салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы – «Turkistan Invest» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, алаңның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусымында басталады. Бұл жобаны инвестор ретінде «Salurbey Group» турік компаниясы қолға алып отыр. Жобалық құны – 20 млн долларды құрайтын бордақылау бекеті 2500 га аумаққа салынады деп жоспарланған. Алаңда негізінен «Еділбай», «Романовская» және «Меринос» қой тұқымдары бордақыланады.

Компания өкілдерінің айтуынша, алаң аумағында малдың жүнін қайта өңдейтін және ет пен сүт, айран, йогурт, ірімшік шығаратын цех іске қосылады. Сонымен қатар, 1500 гектар жерге жем-шөп өсіру қаралған.

«Salurbey Group» компаниясының басшысы Айдын Салюрбейдің сөзінше, мұнда зертхана ашу да көзделіп отыр. Ал, ветеринар мамандар ұсақ малдың түрлі қауіпті дерттерге шалдығу қаупін алдын алу үшін тиісті тексерулер жүргізетін болады. Нысан іске қосылған кезде 1200 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Дайын ет өнімі ТМД елдеріне және Түркияға экспортталмақ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close