Астана қаласыҚоғам

Астананың экскурсоводтары мен мұражай қызметкерлері біліктілігін арттырды

Қатысушылар музейге келушілерге барынша адал кеңістік құру аспектілерін талқылап, жаңа технологияларды қолдану арқылы өзінің бірегей өнімін құру бойынша практикалық тренингтер өткізді, деп елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

26-28 ақпан аралығында «Астана Конвенцшн Бюро» ЖШС Санкт-Петербургтің тәжірибелі халықаралық жаттықтырушыларымен бірлесіп, Астана қаласының туристік нысандарына экскурсиялық қызмет көрсету және мұражай педагогикасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын өткізді.

Мемлекеттік Эрмитаж әдіскері Марина Чекмарева және көркемөнер Академиясының өнертанушысы Елена Королькова, психотерапевт Аркадий Кузнецов курсқа қатысушылар мен музейге келушілерге барынша адал кеңістік құру аспектілері туралы айтып, жаңа технологияларды қолдана отырып, өзінің бірегей өнімін құру бойынша практикалық тренингтер өткізді.

Курстарға Қазақстан Ұлттық мұражайының, Әскери-тарихи мұражайдың, С.Сейфуллин атындағы мұражайдың, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы мұражайы мен кітапханасының, Болашақ энергиясы мұражайының (Нұр Әлем), «АЛЖИР» мемориалдық кешенінің, Бейбітшілік және келісім сарайының, Тәуелсіздік сарайының, «Астана-Бәйтерек» монументінің, «Атамекен «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің әдіскерлері қатысты.

Курстан 80-нен астам экскурсовод пен мұражай қызметкері өтті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close