Басты жаңалықЖаңалықтар

27 градус жылы және жауын-шашын: 20 сәуір Қазақстандағы ауа райы белгілі болды

“Қазгидромет” 20 сәуірде Қазақстанның түрлі өңірлерінде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

Астанада бейсенбіде жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты күн байқалады. Кейде тұман. Көктайғақ болады. Оңтүстік бағыттағы жел – секундына 2-7 метр. Ауа температурасы – түнде 13-15 аяз, күндіз 1-3 жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел – секундына 0-5 метр. Ауа температурасы – түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы.

Шымкентте жауын-шашынсыз, бұлт аз. Шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы – түнде 3-5, күндіз 18-20 жылы.

Ақмола облысында жауын-шашын жоқ. Оңтүстік бағыттағы жел – секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде -6 аяз. Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Оңтүстік бағыттағы жел – секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 10-12 жылы.

Алматы облысында түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман болады. Солтүстік-шығыс жел – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы. Қонаевта ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы.

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 15-20 жылы.

Күндіз Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 18-23 жылы.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл.  Түнде температура 10-12, күндіз 22-27 жылы.

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 жылы.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде тұман бар.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман.

Басқа жаңалықтар

Back to top button