Басты жаңалықЖаңалықтар

25 ақпанда Алматы мен еліміздің 8 өңірінде тұман, көктайғақ, қатты жел болатыны болжанады

25 ақпанда Алматыда және еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

Алматыда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаев қаласында күндіз тұман, көктайғақ болады. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, Оралда да оңтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында 25 м/с қарқынмен жел соғады. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады деп болжанады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің  екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстік жартысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай  облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік батыстан 15-20 м/с, сондай-ақ күндіз Қостанай қаласында батыстан, оңтүстік батыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

“2023 жылы 25-27 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жауын-шашын түсіп, қар еріп, қызыл су белең алады және мұз жұқарып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжанады, соған сәйкес су тасқыны қаупі де бар”, делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button