Басты жаңалықЖаңалықтар

21 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

janalyq.kz 21 маусым күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Ішкі істер органдарының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан тарихына арналған экспозиция ашылады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елімізде суға шомылу маусымы қалай өтіп жатыр?» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржан Мәдиұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Қазақстан Халық партиясының орталық аппаратында «Мүгедектігі бар балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды құқықтық және әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де қаржылық тергеу және қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелеріне арналған халықаралық форум өз жұмысын бастайды. Өтетін орны: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 303.

19.00-де Алматыдағы Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында режиссер Эля Гильманның «Күнбағыс» фильмінің жабық көрсетілімі өтеді. Фильмді ҚР Мәденииет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

19.00-де Жастар театрында «Құдалар» комедиясы көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button