Алматы облысыҚоғам

Облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемін 1 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр

Кәсіпорындарды цифрландыру мен инновациялық технологияларды пайдаланудың арқасында облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 884 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткішті биылғы жылы 1 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды.

Облыста Трансұлттық компаниялардың қатысуымен басталған 9 жобаның екеуі өткен жылы іске қосылды. Атап айтқанда, Іле ауданында «WILO» неміс компаниясының сорғы құралдарын өндіру зауыты ашылды, оның жылдық қуаты 2 мың сорғы шығаруға жетеді, инвестиция көлемі – 2,1 млрд. теңге.

Сол сияқты Қапшағай қаласында қазақстандық ұннан 30 түрлі тағам өнімдері мен полуфабрикаттар дайындайтын «Маревен Фуд» зауыты ашылды. Инвестиция көлемі – 15,4 млрд. теңге, 500-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар өз өнімінің 80 %-тен астамын «Қазақстанда жасалған» брендімен Орта Азия елдеріне экспортқа шығарады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close