Алматы облысыҚоғам

Көксу және Ақсу қант зауыттары 42 мың тонна ақ қант өндірді

Биылғы жылы Алматы облысындағы Көксу және Ақсу қант зауыттары 42 мың тонна ақ қант өндірді. Жалпы қант қызылшасының алқабы 11,2 мың гектарға жетіп, 2014 жылмен салыстырғанда 10 есеге өсті. 442 мың тонна қызылша жиналып, әр гектардың орташа өнімділігі 400 центнерге жетті, ал Ескелді ауданында 520 центнерден өнім алынды. Бұл туралы бүгін Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театр ғимаратында өткен облыс әкімінің есеп беру жиынында Амандық Баталов айтты.

Сол сияқты облыс әкімі биылғы жылы қант қызылшасының көлемін 14 мың гектарға жеткізіп, 485 мың тонна тәтті түбір алу жоспарланып отырғанын да атап өтті. Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру, Қапшағай қаласында жаңа қант зауытын салу көзделуде.

«Ендігі біздің мақсатымыз – зауытқа тапсырылған өнім үшін шаруашылықтарға төлемді осы айдың соңына дейін аяқтау», – деді А. Баталов.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close