БілімҚарағанды облысыҚоғам

Қарағандылық оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауының дипломанты атанды

Алматыда республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті. Оған бүкіл Қазақстаннан 9-11 сыныптардан 700-ден астам оқушы қатысты. Зияткерлік байқауда Қарағанды облысының намысын 24 оқушы қорғады.

Байқауға қатысушылар көптеген бағыттар бойынша өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Олардың ішінде физика, техника, астрономия, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, өлкетану, әдебиет және тіл білімі бар.

Байқауды ҚР БҒМ Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қарағандылықтар II және III дәрежелі диплом және екі грамотаға ие болды. II дәрежелі дипломға «Дарын» ММИ оқушылары Марианна Хлебникова, Мөлдір Маулет, Аруна Аманжолова және Н. Нұрмақов атындағы ММИ 11 сынып оқушысы Береке Тұқаев ие болды.

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Жамбыл атындағы ММИ 11 сынып оқушысы Ақтілек Бердібеков, Мұстафин атындағы №83 ОМ 11 сынып оқушысы Ксения Скоробогатова, Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Тілеубек Тыныбек және Н. Нұрмақов атындағы ММИ 10 сынып оқушысы Ажар Қанат.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close