ҚоғамМаңғыстау облысы

Маңғыстаулық мүгедек балалардың ұшақпен тегін жүруіне мүмкіндік жасалады

Маңғыстаулық мүгедек балалардың емделу үшін Астана, Алматы қалаларына ұшақпен тегін барып-қайтуына мүмкіндік жасалмақ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда квота бойынша емдеу және оңалту іс-шараларынан өту үшін республикалық орталықтарға баратын кезде мүгедек бала мен ата-анасының бірінің темір жол шығынын өтеу қарастырылған. Маңғыстау облысы орталықтан шалғайда орналасқандықтан, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша мүгедек бала мен ата-анасының біреуінің екі бағыттағы ұшақпен жол жүру құнын (Астана және Алматы қалаларына) төлеу туралы шешім қабылданды.

«Бұдан бөлек, республикалық клиникаларда және облыс орталықтарында денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек алу кезінде аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына темір жол көлігімен жол жүру шығындары өтеледі», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгінгі халыққа есеп беру кездесуінде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close