Басты жаңалықЖаңалықтар

«16 млн теңге жымқырған»: Жетісу облысында 15 лауазымды тұлға ұсталды

Жетісу облысында арнайы прокурорлар лауазымды тұлғалардың 16,5 млрд теңге ұрлағанын анықтады, – janalyq.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бес қылмыстық іс тергелуде. 15 лауазымды тұлға ұсталды.

Сонымен қатар, осындай айыппен тағы екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Прокурорлардың айтуынша, шенеуніктер 400 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бесеуі сотталды. 230 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне қайтарылды.

“Бірқатар лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Жалпы, іс жалғасуда. Жақын арада соңғы процессуалдық шешім қабылданып, іс сотқа жолданады, кінәсі дәлелденетін барлық тұлғалар да анықталатын болады”, – деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button