Қарағанды облысыҚоғамЭкономика

Қарағанды облысы инвестицияларды жұмылдыру бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді

2018 жылы Қарағанды облысы 470 млрд. теңге инвестиция жұмылдырған. Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Инвестициялардың 85% – жекеменшік. Салыстырар болсақ, 2017 жылы облысымызға 363.3 млрд. теңге инвестицияланған.
Өткен жылы өңірдегі ірі жобалардың арқасында инвестициялар көлемі айтарлықтай өскен. Ол жобалардың қатарында «Саран» ЖШС күн электр станциясы, «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС катодтық мыс шығаратын зауыты, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» ЖШС болат және темір балқытатын зауыты, «АК «Алтыналмас» АҚ алтын өндіретін фабрикасының екінші кезегі және «Альфарух» ЖШС көтерме-тарату орталығының бірінші кезеңі бар.
Сонымен қатар 2018 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының №1 рудотермиялық пешінің қайта қалыпқа келтірілді, «Maker» ЖШС машина құрау өндірісі және «Қарағанды Құс» ЖШС жұмыртқа шығару өндірісі жаңғыртылды.
Қазіргі таңда аймақта жалпы сомасы 2 трлн теңгені құрайтын 45 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде 17 – 1,4 трлн теңге көлемінде шет елдік капиталдың қатысуымен.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров Инвестициялар әсерін облыс тұрғындары да сезінетінін атап өтті. Мысалы, Жәйрем тау-кен байыту кешені ауылда мешіт салып, мәдениет үйін жөндеуден өткізіп берген. Сонымен қатар, аурухана жұмысына қолдау көрсетуді өз мойнына алды: 60-80 мың теңгені құрайтын әр дәрігердің еңбекақысына кәсіпорын 120-140 мың теңге қосымша төлеп отырады. Алмас Айдаров ірі кәсіпорындар төлейтін салық есебінен қарапайым азаматтардың жағдайы жақсарады, деп атап өтті.
Өткен жылдың рекордтық көрсеткішіне қарамастан, биыл жергілікті билік өз алдына өңірге 520 млрд.инвестиция тарту секілді одан да биік мақсат қойып отыр.
– 2019 жылы бірқатар ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Олардың қатарында: 86 млрд теңге Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты, құны 64 млрд теңге болатын «Алайғыр» полиметалл кендерін өңдеу зауыты, 32 млрд теңге тұратын «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты, 30 млрд теңгені құрайтын «LindeGroup» ТҰК техникалық газ өндіру зауыты, құны 14 млрд теңге болатын «Hebei Huatong Cable Group Co Ltd» кабель өнімдерін өндіру зауыты және басқалары, – деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Билік басындағылар мәлімдеп отырған 520 млрд. Теңгеге қол жеткізу әбден мүмкін. Олар кәсіпкерлерге азық-түлік және өңдеу салаларына назар аударуға кеңес береді. Себебі аймағымызда бұл салалар әзірге бос қалып отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close