Астана қаласыҚоғам

Жанар-жағармайды елден сыртқа шығаруға қатаң тосқауыл қойылады

Қазақстаннан жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қою үшін экспорттық бақылау бекеттері қойылады. Бұл туралы Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан мен Ресей шекарасынан жанар-жағармайдың заңсыз тасымалдану фактілері қаншалықты жиі кездесетінін сұрады.

«Есептеулер бойынша РФ-пен салыстырғанда елімізде бензин мен дизель отынының бағасы арзандау. Мысалы, Қазақстанда АИ-92 бензинінің литрі 153 теңге болса, Ресейде 240 теңге шамасында. Бұл тұрғыда елдердің шекарасы арасында кедендік бақылау жоқ екенін білесіздер. Сол себепті бензин сыртқа шығып кетуі мүмкін», – деді вице-министр.

Осы орайда ол жанар-жағармайдың шекара асып кетуіне тосқауыл қою үшін тиісті бұйрық дайындалғанын да жеткізді.

«Бұл бұйрық бойынша дизель отынын біздің шекарадан алып шығаруға тыйым салуды көздейді. Екіншіден, Қаржы министрлігіндегі әріптестеріміз осы жылдан арнайы экспорттық бақылау бекеттерін қоюды пысықтауда. Осы ретте жанар-жағармай тасымалдайтын цистерналы көлікті тексеруге мүмкіндік беріледі. Қазіргі уақытта шекарада тұратын біздің офицерлердің тексеретін құқықтары жоқ», – деп нақтылады Болат Ақшолақов.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close